МАТРАСҚА КҮТІМ ЖАСАУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР МЕН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Салауатты ұйқы - тамаша күннің кепілі. Жұмсақ Арман ортопедиялық матрастар
Матрас тек тұрғын үй-жайларда жатуға арналған. Матрас үстіне жиі отыруға, соның ішінде матрастың шетінде отыруға арналмаған.
Матрасты тек көлденең күйінде пайдаланыңыз және сақтаңыз. Матрасты қырлатып қоймаған жөн.
Матрасты тасымалдау бойынша белгілі бір ережелер бар. Матрасты матрастың бурлетінде орналасқан тұтқалардан ұстап тасымалдауға болмайды. Матрасты матрастың төменгі қабаттарының астынан ұстап тасымалдау керек. Бурлетте орналасқан тұтқаларды матрасты аудару және төсек жапқан кезде көтеру үшін пайдалануға болады
Матрасты қаптамадан шығарғаннан кейін, өнімді қолданар алдында өндірістік иісті кетіру үшін кең бөлмеде кем дегенде 1 апта желдету керек. Бұл процесті тездету үшін матрасты шаңсорғышпен тазалау керек. Күндізгі уақытта матрас үстіндегі төсек-орын жабдығын алып тастау керек
Матрасты тұрақты түрде пайдаланған кезде, оны желдетіп, кептіріп тұру қажет. Бұл процедура айына кемінде 1 рет жүргізілуі керек
Матрасты пайдаланғанда өзіне тән ерекше шу (сырт еткен дыбыс, қытырлау, сыбдырлау, сықырлау) пайда болуы мүмкін. Бұл дыбыстардың болуы орынды және бұл ақау емес (олар матрасқа кіретін табиғи компоненттерді аздап қысқан кезде пайда болады) және матрастың 30 күн пайдаланғаннан кейін шамалы деңгейге дейін азаяды
Матрастың беріктігіне ол қолданылатын бет әсер етеді. Матрас беттен салбырап түспеуі тиіс, төсектің ішкі қондыру орнынан ұзындығы немесе ені 1,5 см асатын матрасты пайдалануға тыйым салынады. Иіліп желімделген ламелі бар икемді негіздер үшін бір ұйықтайтын орынға рұқсат етілген жүктемені сақтау керек, жүктеме матрастың ламелдері шығып тұратын жерлеріне түсуі керек
Матрасты тұтас тегіс көлденең бетте немесе серпімді ламелдері бар жоғары сапалы ортопедиялық негізде пайдаланыңыз. Негіздің негізгі бөлігіндегі ламелдер арасындағы қашықтық 8 см аспауы керек.
Сіздің салмағыңыздың берілген модель үшін ұсынылған мәндерге сәйкестігін тексеріңіз. Егер салмақ көрсетілген шектеулерден асып кетсе, қызмет ету мерзімі айтарлықтай төмендейді

МАТРАСТЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗ ФОРМАСЫН ҚАБЫЛДАУЫ

ӨНДІРІСТІК АҚАУ ЕМЕС

  • Төсектің өлшемі матрастың өлшеміне сәйкес келуі маңызды. Егер сіздің матрасыңыз кішірек немесе үлкенірек болса, онда матрас өз пішімін өзгертіп, тиісті функциялары сапалы түрде істемейді
  • Матрас үстіне секіруге, матрас үстімен жүруге және оны қатты механикалық әсерлерге ұшыратуға тыйым салынады
  • Салмағыңыздың осы үлгі үшін ұсынылған мәндерге сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер салмақ көрсетілген шектеулерден асып кетсе, матрастың қызмет ету мерзімі айтарлықтай төмендейді.

SOFT DREAM МАТРАСТАРЫ – СІЗДІҢ САЛАУАТТЫ ҰЙҚЫСЫҢЫЗДЫҢ КІЛТІ!

2024 ЖЫЛДЫҢ

ЕҢ ТАНЫМАЛ

МАТРАСТАРЫ

Максималды ортопедиялық әсер

Сіздің қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын матрасыңғызды таңдау үшін маманның кеңесін алыңыз